Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  142


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін,
Қасарсаң да, қабарсаң да көнермін.
Тұтылармын, ұтылармын мен сенен,
Шым-шымына кім батпайды тереңнің?
Тағдыр, мені шылауыңа орадың,
Ылауыңа жегіп едің жарадым.
Тұрқыңды мен сүйрей алмай барамын,
Ырқыңды мен билей алмай барамын.
Тағдыр, саған кейде күйіп келемін,
Өзімді-өзім илеп, иіп келемін.
Шындық дейтін шылбырыңның бары рас,
Шылбырыңа сүйретіліп өлемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу