Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  843


Автор: Гульнази Назарова

Тәуелсіздік

Тәуелсіз Қазақстан -мақтанышым,
Бермеген жастарым ар-намысын,
Тәуелсіздік үшін отқа түсті,
Ұмытпаймыз басқа түскен қайғысын.

Тәуелсіздік бабалардың арманы,
Сол жер үшін қан төгіліп, шайқасты.
Ерлікпен жеңген батырлардың,
Өнегесін жалғастырды ұрпағы.

Мен, жас ұрпақ, тәуелсіздік таңымын,
Арайланып атқан күннің нұрымын.
Мен, жас ұрпақ - тәуелсіздік тұғырым,
Қызарып батқан күннің шапағаты, шыңымын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу