Өлеңдер ✍️

  16.11.2021
  102


Автор: Гульнази Назарова

Ауыл

Ауылды адам кейде сағынады,
«Ауыл» деген қандай ыстық аты.
Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік.
Ауыл десе ата-әже ойға оралады.

Әке-шешең таң ертең әлдилеп оятады,
Үлкен-кіші cол үйге бет бұрады.
5 жастағы бала алыстан келсе де,
Ата салтпен сәлем беріп, амандасып жатады.

Дайын тұрар қош иісті бауырсақ пен майы.
Ыстық буы бұрқыраған самаурынның шайы.
Қазақтың мол ғой жайылған дастарханы,
Пісірілген сырбазы мен көмбеш наны.


Ауылда өтті кездер қызықты да, бақытты.
Аңсайсың, сағынасың ауылды,
Ойымызда тек тіршіліктің қамы.
Жеткізе алмай жүрміз ғой уақытты,

Ауылым алтын бесігім,
Ашық сенің әрдайым есігің.
Ауылым асыл қазынам, берекем,
Ей, өлеңім , аулыма деген сағынышымды жеткізгің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу