Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  2051


Автор: Жібек Ысқақова

Он жылдық түлектер кездесуге құттықтау тілек

Армысыңдар сыныптастар, достарым,
Он жыл бұрын бірге еді жас жаным.
Он жыл өтті көзді ашып-жұмғанша,
Өте шыққан бұл дүние қасқағым.

Енді міне отырмыз біз кездесіп,
Жүрегіміз дүрсіл қағып, қуанып.
Айтылуда ақ тілектер көл көсір,
Айдай біздің жүздеріміз нұрланып.

Құтты болсын сыныптастар он жылдық,
Кездесулер бола берсін осындай.
Отбасымыз, ошақ қасы аман боп,
Бақ табайық, шаттығымыз басылмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу