Өлеңдер ✍️

  08.11.2021
  291


Автор: Жібек Ысқақова

31 жас қарындасыма туған күнге құттықтау тілек

Ақ жүзінде нұр ойнаған қарындасым,
Қанат қағып ұшып шыққан қарлығашым.
Отыз бір жас күлімдеп келіп қалды,
Болсын деймін қуанышты, бағың басым.

Шаңырақтың шаттығы шайқалмасын,
Қарынжасым басыңнан бақ таймасын.
Жайнай берсін жадырап көңлің көктем,
Әрбір күнің ашып саған шарайнасын.

Мен өзіңмен біргемін, жүрек бірге,
Бар жақсыны тілеймін саған күнде.
Ашық болсын аспаның, денің сау боп,
Туған күннен жете бер туған күнге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу