Өлеңдер ✍️

  06.11.2021
  136


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Қасым Аманжолов көшесі

Үлде мен бүлдедей бүркеніп бау-баққа,
У-шу қаладан іргесін салып аулаққа,
Көкорай Көктөбе бауырында,
Қасым Аманжолов көшесі жатыр тау жақта.
Кеше кешіп жүргенде ақын қиялға,
Тыншу, тар көшеге Қасым сияр ма?
Есіп-егіліп, тасып төгіліп жырдың рухы
Сілтідей тындырып сілтер ед қиянға.
Нөсер болған соң құймай тынбайды, ә,
Ақын болған соң күй-жай таңдай ма?
Қасым келді ғой, жасын болды ғой болуы,
Жарығын шашты ғой жақынға, шалғайға.
Үлде мен бүлдедей бүркеніп бау-баққа,
У-шу қаладан іргесін салып аулаққа.
Көкорай Көктөбе бауырында
Қасым Аманжолов көшесі жатыр тау жақта.
Таудың бұлағы қунап, құлдырап,
Баудың құрағы шулап сылдырап,
Қасым жырына жеткізе алмайды,
Бәрі жабылып, жабылып жыр құрап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу