Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  126


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Хантәңірі

Аспан тіреп тұрған шың,
Асқақтыққа туғансың.
Ақша бұлтың желпілдеп,
Алыстан қол бұлғарсың.
Әжіміңде мұң бар шың,
Етегіңде гүл бар шың.
Өз бұлтыңмен шыланып,
Өз күніңмен құрғарсың.
Ұлылығың сол сенің,
Кішілігің және сол.
Қабақ шытсаң, еңселім,
Әне нөсер, әне сел.
Ту сыртыңнан толықсып,
Ашық қабақ ай туған,
Күлім қабақ күн туған.
Аңыздарда айтылған
Алыпқа ұқсас түр-тұлғаң.
Мыңқ етпеген мықты шың,
Жалғызбысың, жұппысың?
Шығысында шыңтардың
Шалқақ тұрған ықпысың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу