Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  134


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жиырма бес

Жолдас жиырма бес,
Саған не дейін?..
Сенің жолыңды қайтіп бөгейін?
Дәм-тұз жарасқан тату күндерді
Егер тіл жетсе, айтып көрейін.
Жолдас жиырма бес, сенсің – аяулым,
Үш жүз алпыс бес, сенсің – ояу күн.
Түрін аңғарттың сансыз бояудың,
Жігін айырттың шаттық, қаяудың.
Басқа не керек, асқақ асулар,
Бар ғой алдымда ширек ғасырлар.
Кейде ойлайсың: «Сиреп кетті ме
Ширек ғасырға сыймас жасындар?»
Жоқ, жоқ, – деймін мен ойдан кенет бір,
Заман шұғыласы заңды, демек, бұл:
Сан мың жиырма бес жасын жарқылы
Мынау дүниені нұрға бөлеп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу