Өлеңдер ✍️

  03.11.2021
  108


Автор: Қази Данабев

Мелш етпей босағамнан басып өттің

Мелш етпей босағамнан басып өттің,
Сен кеттің,
Жоғал сен де қасірет-мұң.
Тұғырдан түспейтұғын тұйғын құсым,
Қасымда қалдың жырым,
Қасиеттім!
Өлеңім - жағадағы құба талсың,
Желпірсің,
Жапырағыңмен жұбатарсың.
Сен бәлкім, тарпаң болсам кешірерсің,
Сен бәлкім, өрлігімді ұнатарсың.
Сен - өлең,
Мен бір ақын ерге теңмін,
Мен сені бөбегімдей тербетермін.
Уа, өрлік, жан досымнан айырдың-ау,
Соны ойласам,
Жынданып мен кетемін.
Кейде бір күйетіндей отқа жаным,
Кешірім сұрауға да оқталамын.
Кейде безем бәрінен,
Сенен де жыр,
Жыр емес, сор болдың-ау деп қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу