Өлеңдер ✍️

  02.11.2021
  720


Автор: Әкім Ысқақ

Ең қымбат адам

Ақылшым, дарам,
Қамқоршым панам
Мейірім төккен,
Мен үшін көктем,
Ең қымбат адам,
Ол- менің Анам!

Асылым, білем,
Ардақтап жүрем
Бақытым барым,
Шаттығым - әнім,
Ең қымбат адам,
Ол- менің Анам!

Әр сөзін сақтап,
Аламын жаттап
Мен үшін шуақ,
Сарқылмас қуат,
Ең қымбат адам,
Ол- менің Анам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу