Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  2469


Автор: Жібек Ысқақова

30 жас сіңілім туған күніңмен

Аппақ жүзің жадырап баурап алар,
Жан сіңілім құтты болсын туған күнің.
Отыз жасың өміріңе еніп отыр,
Қуандырып, шаттандырып жаным бүгін.

Отыз жасың сыйласын арайлы таң,
Шуақ шашып өміріңе сән беретін.
Бар жақсыны сыйлай берсін отыз жасың,
Көңіліңе жайма шуақ, әр беретін.

Сіңілімсің баға жетпес байлығымсың,
Жарық берер жаныма Ай, Күнімсің.
Жастан жасқа амандықта жете бергін,
Амандықта сәтті болып ай, күнің шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу