Өлеңдер ✍️

  25.10.2021
  1419


Автор: Жібек Ысқақова

20-жасқа туған күніңмен жаным (қызға)

Ай нұрындай жарқырап жарық берер,
Бақ жұлдызын мына маған алып берер.
Жүрегімнің иесі, жартысы бар,
Күн мен Айды мен үшін жағып берер.

Бүгін міні сол жанның туған күні,
Жиырма жасқа толып жатыр күлім қағып.
Құтты болсын жарығым туған күнің,
Берейінші өлеңмен шырақ жағып.

Өміріме шуақ шашар ақ таңымсың,
Балдай тәтті жұп-жұмсақ мақпалымсың.
Жиырма жасың жаным сол шаттық әкеп,
Құлпыра берсін тәттім-ау жас жаның шын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу