Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  132


Автор: Исраил Сапарбай

Жерде емес

Жерде емес,
Аспанда емес,
Ғайыптасың,
Бiлемiн сенсiз дертiм айықпасын.
Айналып елесiңе тым болмаса
Жанымда жарым түнде Ай ұйықтасын.
Басылсын мауқым бiр сəт Айды құшып,
Қашанғы зар қағамын қайғыны iшiп?
Азабы ақыреттiң аз болғандай,
He таптық бұл фəниден айрылысып?
Сүйемiн,
Сүйе берем,
Сүйiп келгем...
Төбесi көкке кiмнiң тиiп көрген?..
Кеттiң бе Барсакелмес аралына
Жосылып құба жонда киiктермен?
Тағдырым кiмге таңсық жылап-күлген?
Жайымды қай пiрəдар сұрап бiлген?
Айрылып ақыл-естен ғазиз басым,
Жалғанда жалғыз сенi ұнаттым мен.
Ай тұяқ, алтын жамбы киiгiм ең,
Үркiнiп қайда кеттiң үйiрiңнен?
Жазылған пешенеме Перiштем-ау,
Түссеңшi жерге таман биiгiңнен?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу