Өлеңдер ✍️

  14.10.2021
  868


Автор: Арман Бердалин

ЖҮРШІ, ӘКЕ...

Жүрші әке, намазға жығылайық! 
Құбылаға жүрекпен бұрылайық. 
Жәннат бағын біздерге бұйыртпайды, 
Жаратқанның болмасақ құлы лайық. 
Айтты екен деп тақпашы ұлыңа айып. 

Ұл-қызыңа уағыз айт күнде қадап,
Жаратқанға айтайық бірге мадақ.
Сен тұрмасаң имам боп ұлыңыз бен,
Немереңіз ұйиды кімге қарап?!

Аулақ жүрсек шайтанның харамынан, 
Құтылармыз азаптың аранынан. 
Кеш қалдым деп Алладан үміт үзбе, 
Ақ аятпен шайылар қара күнәң. 

Жүрші әке, намазға жығылайық!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу