Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  2425


Автор: Жібек Ысқақова

Кішкентай қызыма 3 жас туған күні

Қуанышым, мақтаным жаным қызым,
Өзіңсің жаным ақ таңым, барым қызым.
Үш жасқа сен қадам бастың бүгін міне,
Құтты болсын жарығым, әнім қызым.

Көктемімсің өмірімді көрікті етер,
Көркемімсің сенімімді берікті етер.
Қызғалтағым жан қызым еркелейтін,
Өмірімнің мәнісің күннен бетер.

Жымыңдасын аспанда ай-жұлдызың,
Бұлбұлдарың сайрасын айдай қызым.
Саулығыңды тілеймін гүлім менің,
Амандықта жүре берші жайнай қызым.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу