Өлеңдер ✍️

  20.09.2021
  126


Автор: Тұрсынхан Әбдірахманова

Жаңбырдан соң орманда

Жаңбырдан соң күн жүрегі елжіреп,
Төңіректі нұрға көмді, жел жібек.
Желпіп қалып, ақ маржандар сусыды
Қарағайдың кірпігінен мөлдіреп.
Жел жетелеп боз тұманын мұнартып,
Шыңға қарай барады ертіп, шұбалтып.
Ақ нұр өбкен алау қағып ажары,
Қыз қайындар құлпырыпты құнартып.
Жаңбырдан соң аймақ түлеп жаңарып,
Тиіндер жүр жуынып ап таранып.
Маңайына міз бақпастан түйіліп,
Түксиіп тек тас қалыпты сазарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу