Өлеңдер ✍️

  08.09.2021
  850


Автор: Асаба (тамада)

Балдызыма тілек

Пери-жаным, балдызым, қызғалдағым!
Арманыңның аралап гүлзар бағын,
Барамысың алыстап арамыздан,
Жүрегіңнің орындап ізгі арманын.

Артқа тастап жастықтың дөңін асып,
Арманыңа жетуге болып асық.
Арамыздан әп-сәтте кете бардың,
Айналайын, бара ғой - жолың ашық...


Тілегіңді... бара ғой, құп аламыз,
Ақ жол тілеп өзіңе тұр бажамыз.
Жиырма екі жыл сені еркелеттік,
Қарымтасын ешкімнен сурамаңыз...

Адамзатқа ұсынған күні-бұрын,
Кім құптамас Алланың құрылымын?!
Біздің емес... Хадишаның қызы болдың –
Шын жүректен ұғыппыз мұны бүгін.

Толғаныстан есім жоқ менің тегі,
Бар, бара ғой - күтуде елің сені.
Оразбайдың қызы деп айтпайды енді,
Деп айтар жұрт: Ерқанат келіншегі...
Қимай тұрмыз, қайтейік мұным анық,


Саған деген көңіліміз тұнық анық.
Бар, бара ғой, тапсырдық ЬІстыларга,
Етімізден жүректің жұлып алып,
Етіміздең жүректің жұлып алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу