Өлеңдер ✍️

  02.09.2021
  134


Автор: Айша Балтахаева

Бала махаббат (Әзіл өлең)

— Кім сені ренжітті, балақай?
— Қалақай.
— Қалақайды қайдан іздеп таптың тағы?
— Анооуу, кепенің артындағы.
— Кепенің артында нең бар еді?
— Қыста ойып шығарған көң бар еді.
— Ол көңге сен не үшін барған едің?
— Қажет болып кішкене алған едім.
— Қажет деймісің? Неге? Кімге?
— Лагердегідей от жағамыз түнде.
— Қайда? Кіммен?
— Айғаныммен.
— Айғаныыым? Ол кім болмақ?
— Көршінің үйіне келген қыз қонақ.
Лагерге ертең кетем дегесін,
Көрсетпек ем ауылдың лагерден кем емесін...
— Аййй, сен де, ондайда ағаш-бұта жағады, көң емес,
— Сіздің де маған сұрақты жаудырғаныңыз жөн емес.
—Ех, бала махаббат, қадірің бар білгенге,
Кеше ғана боқмұрын — бүгін жігіт бір демде.
Көңнің сасық ысынан айналып басы талмасын,
Романтикамен сен басын айналдырып жүргенде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу