27.08.2021
  133


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Өз құнына сатып жібердім

Бір күні Қожа көк есегіне мініп, ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып келе жатса, бір байдың үйінің сыртында кермеде сәйгүлік аты байлаулы тұрады. Қожа қызығып кетіп, болдырып келе жатқан есегін кермеге байлап, атқа мініп жүріп кетеді.


Аулына келген соң ағайындары:


— Қожеке, мынандай арғымақ атты қайдан алдың? — деп сұрағанда, жөндеп жауап қайырмай, мұрнының астынан міңгірлеп:


— Қайдан алушы едім, сатып алдым, — дейді.


Арада бірнеше күн өткен соң Қожаның аты көзден ғайып болады, түнде біреу ұрлап кетеді. Ертеңінде ауылдастары


Қожадан:


— Атың қайда? — деп сұрайды.


Сонда Қожа еш нәрсе білмеген кісі құсап:


— Өз құнына сатып жібердім, — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу