27.08.2021
  180


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау!

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой» деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр.
Сонда Қожекең қуанып:


— Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! — депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу