Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  113


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бейнем-ау (2 ­нұсқа)

Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.
О-о-оу, Бейнем-ау-ай.

Үш қиян — біз қонған жер самалдағы,
Бір көрмеу ақ жүзіңді обал дағы
Бейнем-ау, көз жаздырып кеттің қайда,
Гүл меңзес көбелектей көгалдағы?!

Жан едің төрде бұлбұл сайратқандай,
Өткіздік аз қызықты ойнап қанбай.
Ауылдан қыз кеткен соң — қызық кетер,
Қалды елің қара бұлтқа ай батқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу