18.08.2021
  490


Автор: Асаба (тамада)

Шынғыс Хан мен арақ туралы.

Ертеде Шынғыс Ханнын әскері Ресейге бірінші жорығын жасағасын, әскер қолбасшысы Ханға келіп ол ел туралы баяндайды.
- Ол елде қандай кереметтер бар екен? – деп ШынғысХан қолбасшысынан сұрайды.
- Ол үлкен ел, кереметтері көп, бірақ, ен кереметі «арақ» деген сусын екен. – деп жауап қайтарады қолбасшы.
- Ол сусыннын не қасиеті бар екен? – дейді Хан.
- «Арақ» деген сусын ен қорқақ адамды батыр қылады екен, ал ен кедей адамды ен бай қылады екен- дейді қолбасшы.
Қолбасшынын айтқанын тексерейін деген Хан монғолдардын арасындағы ен кедейі мен ен қорқағын өзінін шатырына жеткізуді бүйырады. Екеуін Хан алдына отырғызып қойып 100 грамм арақтан зорлап, қаорқытып ішкізеді. Екінші 100 грамды олар үндемей алып қояды. Үшінші 100 грамды олар, сұрамай ақ, өздері құйып ішіп алады. Арақ таусылады. Хан не болар екен деп қарап отыр. Әлгі екеуі тағыда арақ талап етіп ұрыс-жанжал щығарады. Сонда қорқағы тұрып ШынғысХанға қарап былай депті:
- Эй, ШынғысХан! Бетін быттыйып неге отырсын? Арақ қайда? Кәзір жетқізбесен басынды шауып өлтірем! Айтқаным айтқан!
Сойтсе ен кедей монғол қорқақты былай деп қоштапты:
- Шынғысханды өлтірсен өлтіребер. Жерлеуге кететін шығыннын бәрін өзім көтерем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу