Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  166


Автор: Қанат Сарыбаев

САҒЫНЫШ

Тағдыр қиын асырады айласын,
Шырмауына мейлі мені байласын.
Сағыныштың жетегінде мен жүрмін,
Ақ көгершін асыл құсым қайдасың.

Мен қашанғы отыра лам алаңсыз,
Өзің жоқта болғандаймын жарамсыз.
Қиындыққа қарсы жүзе білетін,
Қайда кеттің жаным менің хабарсыз.

Өлеңменен мен биікке самғайын,
Саған ғана жүрек жырын арнайын.
Өлеңменен сұрайыншы халіңді,
Қазір қалай, жақсыма жаным жағдайың.

Теңіздей толқып, тербелді менің жүрегім,
Өрнектеп жырмен жүректің жайдым кілемін.
Жүрегім соқса бір жан деп ғана соғады,
Сол жанды жаным өзің деп ғана білемін.

Құлпыра бер гүліндей қыр көктемнің,
Осы болар бір жас қосып бой жеткенің.
Ғашықтықтан қиналсада қанша жаным,
Жарамас көз жасымды көлдеткенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу