Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  177


Автор: Қанат Сарыбаев

МЕН АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫМЫН ЖЫРДЫ СҮЙГЕН

Тыңда оқырман,
Құлақ салғың ниетпен
Жыр төгеді
Жас ақының жүректен.
Алла берген тұншықтырмай дарынды.
Өнерім мен өмірімді бір еткен

Ең әуелі Алла деп жыр жазайын,
Оқуға оқырманым болса дайын.
Қанатымды қағып мен биіктерге,
Қара өлең қазынам деп жар салайын.

Ұранымды көтердім бір Алла деп,
Жазған жырым халқыма ұнар ма деп
Жаратқаным жар болсын төбемдегі,
Ел алдына шыққан соң жыр алам деп.

Мен өзімді алғыр ақын демес едім,
Жай ғана қара өлеңмен кеңесемін.
Алла жазса әліде маңдайыма,
Азулы ақындармен теңесермін.

Өлең жазу өмірлік ұрандарым,
Қанатын қағып келед қырандарың.
Алланың нұры жаусын баршаңызға,
Осылай жүрегімнен жыр арнадым.

Қарлығаш жыр кеудем де қанат қақсын,
Жұрттың бәрі аузыма қарап бақсын.
Алла берген ақындық өнерімді,
Халқымның керегіне жаратпақпын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу