Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  135


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Жан әкем

«Өмірден өткен Марқұм әкем Анарбектің рухына арнаймын»

Әкешім, жүзі жарқын, ашық күлген,
Пернесін кім жүректің басып білген.
Содан бері сізді ойлап мазасызбын,
Содан бері өзіңді, іздеймін мен.

Отбасымыз, қамқоршысы тірегі боп,
Жүрегімде қаласыз жан әкешім.
Содан бері сағыныш жанды меңдеп,
Содан бері сиқырлы, өрт өлеңім.

Даусыңызбен сол, менің есімдесіз,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Содан бері сіз жайлы жырлар жазып,
Содан бері сіз жайлы түс көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу