Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  141


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Жолдас ағайға

Қалса да біраз жас барып,
Ауылды жүрсіз басқарып.
Қиындық көрсе қымсынып,
Көрмеген ешбір жасқанып.

Шыққан ғой бәрі ауылдан,
Қаймана қазақ қауымнан.
Байыпты басшы жоқ бізге,
Еңбекпен әркез ауырған.

Пір тұтып әркез сізді біз,
Келешек жасқа үлгі қып.
Жыр жазып бүгін отырмын,
Жүрекке мынау сыр тұнып.

Ауылды жүрсіз басқарып,
Өмірде мынау қас-қағым.
Еңбекке баулып жастарды,
Ұмыттың әсте шаршауды.

Гүлзарлы алтын ауылың,
Жарқырап жарқын жалының.
Құрметтеп жүрсін сізді ылғи,
Басқарған өзің қауымың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу