Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  129


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сезім

Қос жанары от шашып, жүрек кесе,
Бiр самғайық қырандай түлеп десе,
Нәркес көздер қиылып шақырғанда,
Жүрек пе екен жалындап, дiр етпесе?!
Жiгiт пе сол сезiмнен жығылмаса,
(Жығылмаса, артынан шығын қанша)
Өкпе iсiнiп, алқынып, қаны тасып,
Ауызына жүрегi тығылмаса?!
Сезiм бе екен,сөнсе егер, жар ғып өппей,
Төтелемей бәрiн де қарғып өтпей
Бұлқынғанда кенеттен сезiм қинап,
Жүрегiне кеудесi тарлық етпей…
…Асықпашы жан сазын ұғынғанша,
Жар табылар шындаса, шұғылданса.
Айналайын, сақ болшы сезiмсiзден,
Ақ жүрексiз адамдық құның қанша?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу