Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  138


Автор: Сайын Назарбекұлы

Алып қалдың ағайын бір өлімнен

Алып қалдың ағайын бір өлімнен,
Маған деген мөп-мөлдір тілегіңмен.
Біреулерің көз жасты бұлап жүріп,
Ал біреуің дәр-дәрмек сұрап жүріп.
Жігіт едім қайтпайтын қабан жүрек,
Жағаластым өмірге табан тіреп.
Келіспей жүр бірақ та соңғы кезде,
Тіледі ме бір шіркін жаман тілек?..
Ауру басып еңсемді жүдегенмен,
Құдай жар боп шым-шымдап түледім мен.
Тек сіздердің ақадал тілектерің
Алып қалды, ағайын, бір өлімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу