01.08.2021
  139


Автор: Сайын Назарбекұлы

Балдырған

Біз балдырған, балдырған,
Ойынды әбден қандырған.
Енді тентек болман деп
Апайды да нандырған.
Бұл балдырған, балдырған,
Кітабын қайда қалдырған?
Лай суға түсем деп
Көрінбес беті балдырдан.
Біз балдырған, балдырған,
Әзірше ғана балдырған.
Өскеннен соң дән егіп
Сусынын елдің қандырған.
Бұл балдырған болашақ –
Өткеннен соң бала шақ.
Тындырған ісін мақтан ғып
Жері мен елі болар шат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу