29.07.2021
  610


Автор: Ғибратты әңгімелер

Асанның есебі

Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.
Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:
«Анасының ұлы Асанға қарызы:
-дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге;
-хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге;
-жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге;
-гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге;
-Барлығы – 3250 теңге»
Анасы үстелдің үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты:
«Асанның анасына қарызы:
-үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе;
-10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе;
-Ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе;
-Жақсы ана болғаны үшін – ештеңе;
-Барлығы – ештеңе»
Қағазды оқыған Асан қызарып кетіпті. Одан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу