Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  368


Автор: Гаухар Жүсіпәлиева

Құт мекенім киелі Отырарым

Небір саңлақ ұлылар ұрпақтарың,,
Адалдықты паш етіп ту ұстаған.
Құт мекенім киелі Отырарым,
Шәмші әнімен Шәуілдір тыныстаған.

Мәңгілікке арналар саған әнім,
Отырырым өзіңе табынамын.
Ыстық маған қашанда топырағың,
Алыс кетсем өзіңді сағынамын.

Жүйрігіміз озады жарысқанда-ақ,
Іздеп бізге не керек алыстан бақ.?
Кесенесі күмбезді мұнда жатыр,
Бабтың басы киелі Арыстанбаб.

Тарихына көз тігіп отырамын,
Әр таңымды өлеңмен атырамын,
Нәр аламын мәңгілік мен өзіңнен,
Құт мекенім-киелі Отырарым.

Бұл өлке менің таң боп атқан жерім.
Шабыттың бал-шырынын татқан жерім.
Пір тұтып мен әрқашан мақтан етем,
Киелі бабалардың жатқан жерін.!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу