22.07.2021
  315


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Не тәтті, не қатты?

Бұл дүниеде жеңіл не?
Ол – есімі Алланың!
Бұл дүниеде ауыр не?
Ол – шешімі Алланың!

Бұл дүниеде не биік?
Ақыл-ойы Алланың!
Бұл дүниеде не терең?
Құпиясы Алланың!

Бұл дүниеде не тәтті?
Мейірімі Алланың!
Бұл дүниеде не қатты?
Ол – қаһары Алланың!

Адамзаттың тілеуі –
Кеңшілігі Алланың!
Екі дүние тірегі –
Кешірімі Алланың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу