Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  207


Автор: Айтуар Өтегенов

Гүлдәуреннің бақшасында гүл атып

Гүлдәуреннің бақшасында гүл атып,
Бір-біріңді шын беріле ұнатып,
Қозы менен Баян болып сүйдіңдер,
Қол ұстасып бір өтуге түйдіңдер.
Көкіректе армандарың айға асып,
Төрде күліп отырсыңдар жайғасып.
Сендер тіккен жас отаудың уығын,
Достарың жүр ақ ниетпен байласып.
Сол отаудың шаңырағы шайқалмай,
Жүректерде кірбің кірі байқалмай.
Бақытты боп өтсін деумен,
Жемісі мол алма ағаштай,
Гүлдер шашып кетсін деумен,
Өмірдің бар мол қызығын,
Тек сіздерден көбсінбеумен.
Қос көгершін көкке қанат қақты деп,
Біз тілейміз ақ жүрекпен ақ тілек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу