Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  145


Автор: Айтуар Өтегенов

Түсті де сәуле

Түсті де сәуле
Қараңғылықты қақ жарып,
Дүние болды жап-жарық.
Ал ол сәуле,
Ол сәуле,
Сәулесі еді – Дінімнің.
Сәулесі еді –Ілімнің.
Бұған дейін Әлемді,
Қараңғылық қаусырған.
Менің айқай-даусымнан,
Жаңғырықтар шықты тек қана,
Тау-шыңнан.
...Қауызын жарған Гүлімнің.
Тасқа қашалған Тілімнің.
Тарихын,
Жазбалардан танимын.
«Қазақтың түбі...»
Осы бір сауал мазалап,
Келмей жүр менің әлі ұйқым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу