Өлеңдер ✍️

  08.07.2021
  123


Автор: Айтуар Өтегенов

Ерекше шөліменен...

Маңғыстаудың (айтпаймын текке мұны),
Сүйсе, өртеп сүйедi көкте күнi.
“Iреңсiз де, сүреңсiз дала” - деген,
“Таптырмайды саялар пана” - деген,
Ұлы Кобзарь, саған мен өкпелiмiн.
Ескерткiшi неткен көп өткенiнiң,
(Өспеген аңызаққа текке гүлi).
Бұл өлкеден орманды-ну iздеген,
Бұл өлкеден Днепр – су iздеген,
Тарас ата, саған мен өкпелiмiн.
Тағдыр оны ешкiмге телiмеген,
Келiспеймiн дегенге өлi дене.
Әлсiздерге бермеген оң қабағын,
Тоқу бiлген көңiлге толған ағын.
Бұл дала ғой ерекше желiменен,
Бұл дала ғой ерекше шөлiменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу