Өлеңдер ✍️

  08.07.2021
  422


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАЙДА КЕТІП БАРАМЫЗ

Қайда кетіп барамыз, қайда кетіп,
Барамыз ау сөз қуалап, сайға кетіп.
Сүріне қалса бір адам сөз етеміз,
Құлап жатып, өсек сөзді пайда етіп.

Ол адамды білмейміз, танымаймыз,
Өсек етсе танитындай қабылдаймыз.
"Қой" демейміз, өсек сөзге ілесіп ап,
Ырылдасар итке айналып, арылдаймыз.

"Әр қазағым жалғызым" деген сөзді,
Жоқ еткендей, бауырмалдық жоқ боп кетті.
Бауыр, бүйрек от болып, жанып тағы,
Жүрегіміз мейірімсіз шоқ боп кетті.

Жаман десе қазақ қызын жай жатпайтын,
Ерлеріміз қайда кетті қорғап жүрер.
Жөн көрсетер, сәл қисайса жолдан тайып,
Арыстандай ерлер қайда қолдап жүрер?!

Көрсе-дағы үндемей өтіп кетер,
Білсе-дағы білмейтіннің кейпіне енер.
"Қатысы жоқ маған"- деп көз жұматын,
Заман болды өсек сөзге бірден сенер.

Оу қазағым, онсызда біз аз...ақпыз ғой,
Бұл күндері бодандық жоқ, азатпыз ғой.
Не жетпейді енді бізге айтыңдаршы,
Жетелейтін біздерге ғажапты ізгі ой?!

Ойланайық бауырлар, ойға алайық,
Азайып біз барамыз күннен-күнге.
Бұл індеттен қаншама адам кетті,
Жалғай алмай қапыда күнді-түнге.

Індеттен бөлек кетіп жатыр қаншама жан,
Мініп алып келместің бұл кемесін.
Біздер болсақ ренжісеміз сәл нәрсеге,
Сөз қуалап, құрмет жоқ, қып егесін.

Дұрыс па өзі, айтқаным, мендік сөзім,
Деп білерсіз, ащы шындық, емдік сөзім.
Сыйласайық ендеше, бес күн жалған,
Ойласаңыз дұрыс деп, теңдік сөзім...

Жібек Искакова








Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу