Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  294


Автор: Шал Құлекеұлы

Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы

Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен бұйрық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,
Намаз оқы, алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан Қорқыт та өлген дейді,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.
Айтайын мен кеңес тыңдасаңыз,
Кеңесімді тыңдаған, мың жасаңыз.
Бұл дүние басы биік бір бәйтерек,
Құлайды бұтағынан шайқасаңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу