Шал құлекеұлы өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 35

Бақытыңа кез бопты долы қатын
Бақытыңа кез бопты долы қатын,Мұны алған ер жанжалға молығатын,Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,Бір үй түгіл бір ауыл торығатын.Өзінің кесапаты бастан..
©  Шал Құлекеұлы
Әкесі Құлекеге өлгенде айтқаны
Дүние деген осы,Жоққой мәнгі досы.Егер болса досы,Әкемнің құламас еді-ау қосы.
©  Шал Құлекеұлы
Жақсы, жаман адам туралы
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.Жақсымын деп момынның малын жеме,Жаман адам сол болар, мақұл деме.Жақсыны алыс..
©  Шал Құлекеұлы
Байды құдай атқаны
Байды құдай атқаны -Дәулетіне мас болар.Ханның құдай атқаны -Қонсысымен қас болар.Кәрінің құдай атқаны -Аңдығаны ас болар.
©  Шал Құлекеұлы
Дін туралы
Мекке менен Медине жолдың ұшы,Иман таба алар ма барған кісі?Ата - ананы, мейманды құрметтесең,Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.Арам жүрсе, жиіркенер..
©  Шал Құлекеұлы
Мешкей кәрілерге айтқаны
Айта берсең таусылмас Шал кеңесі,Мешкейдің жіліншік өтер кең өңеші.Алдына келген асты жаудай шабар,Басқаның болса - дағы несібесі.
©  Шал Құлекеұлы
Құр мен дуадақ шөлді біледі
Құр мен дуадақ шөлді біледі,Қарға мен қүзғын елді біледі.Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі.
©  Шал Құлекеұлы
Әйел туралы
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,Сол болар басқадан да жақын кісің.Ағайынға, туысқа қайырылса,Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.Еріне аю, баласына..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрілік туралы
Кәрілік қонақ екен «жүр!» демейтін,Мүшеңді сылып, кеміріп үндемейтін.Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы -Тобына қыз - бозбала кір демейтін.Ағайын тату..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрілік туралы
Ұлғайып қартаяды жастан адам,Әуелі қартаяды бастан адам.Жеткенін кәріліктің ескермейді,Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам.Кәрілік қартайғанда бастан..
©  Шал Құлекеұлы
Бұл дүниенің мысалы
Бұл дүниенің мысалыҰшып өткен құспен тең.Өмірде көрген жақсылықҰйықтап өткен түспен тең.Атадан мирас ақылың,Түзік айтқан мақұлыңЛәзім болған іспен..
©  Шал Құлекеұлы
Алпыс бір мүшел келді мерттей болып
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,Өтпедің сол мүшелден серттей болып.Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.Астынан көк..
©  Шал Құлекеұлы
Шаруа туралы
Қазаққа пайда мынау малын бақсын,Отқа жайып, суарып бағып - қақсын.Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,Соқыр кісі мал жайып қайдан тапсын?Байлар малын..
©  Шал Құлекеұлы
Қыздар туралы
Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,Өңі кетіп шырайы сары болар.Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,Әр уақытта біреудің жары болар.Қыз он беске келгенде мау..
©  Шал Құлекеұлы
Келін жақсы болса
Келін жақсы болса,Үйіңе көп кісі келеді.Келін жаман болса,Келген кісі кеткісі келеді.Ас құй десең, төккісі келеді,Төкпей құй десең, сөккісі келеді.
©  Шал Құлекеұлы
Шал ақынның көңіл айтқаны
Бұл өлім қайда жоқ:Жарқыраған айда жоқ,Күркіреген күнде жоқ.Өтері өтіп кеткен соң,Мың теңгелік қайғыданБір теңгелік пайда жоқ
©  Шал Құлекеұлы
Қоғалы көл, нар қамыс
Қоғалы көл, нар қамыс,Қар үстінде от жанар.Баласы жаман туғанныңӘкесін түйе үстінде ит қабар.
©  Шал Құлекеұлы
Ата-ананың қадірін
Ата-ананың қадірінБалалы болғанда білерсің.Ағайынның қадірінЖалалы болғанда білерсің.Дәулетіңнің қадірінМал кеткенде білерсін.Маңдайдағы дұшпандыТап..
©  Шал Құлекеұлы
Қона берсе, жерің азар
Қона берсе, жерің азар,Шаба берсе, елің азар.Жасай берсе ерің азар.Ерің азған кезінде елің азар.
©  Шал Құлекеұлы
Дүние деген шолақ депті
Дүние деген шолақ депті,Жан кеудеге қонақ депті.Ақырет деген бір киім,Алып қайтар сол-ақ депті.
©  Шал Құлекеұлы
Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы
Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,Атадан арыстан туып ассаң-дағы,Алладан шыныменен бұйрық келсе,Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.Жігіттер, ғибадат қыл..
©  Шал Құлекеұлы
Бір байдың жалғыз баласы өлгенде айтқаны
Жарға біткен жаңғақтыЖаннан безген жан жейді.Қабырғадан саз кешіп,Жүк сүйреген нар жейді.Кеудесінен оқ тисе,Іздемеген ер дейді.Өткен қайтып..
©  Шал Құлекеұлы
Ағайын жат болады, алыс болса
Ағайын жат болады, алыс болса,Жат та жақын болады, таныс болса.Дұшпан түгіл. Достарың табалайды,Аяғың бір нәрседен шалыс болса.Жаманға дәулет бітсе..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ
Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ,Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.Жігіттер, жас уақытты босқа өткізбе,Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.
©  Шал Құлекеұлы
Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,Бес жаста тәңірім берген несіптемін.Алты жаста қайыңның тозындаймын,Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,Он жасымда сүт..
©  Шал Құлекеұлы