Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  176


Автор: Жұмағали Саин

Мен келдім

Алыстан аңсап мен келдім,
Азат киіп қолымды ал!!
Туғаның өмірлік,
Сен үшін ақ қан қаным бар.
Қаралы күнде жау басқан
Қайғыңды бірге бөлгем мен,
Қатарында партизан
Қан жорыққа енгем мен...
Орыс, қазақ ұлы боп,
Жауыңа ойран салғам мен,
Жан досыңның бірі боп,
Сырыңа әбден қанғам мен.
Жүзіңді сенің көргенде,
Елестер маған өз қалам.
Еліңді сенің көргенде,
Еміренер анам, өз далам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу