Өлеңдер ✍️

  15.06.2021
  302


Автор: Қасым Аманжолов

Қоштасу

Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Тепкісінде соғыстың
Дүние мендеп жатқанда,
Ажал бейне фашист сұм
Қасқыр болып шапқанда! -
Қоян емен, адаммын,
Қайтіп бұғып жатармын!
«Жаны тәтті жаманның» -
Сыналар күні мақалдың.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!

1941.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу