Өлеңдер ✍️

  11.06.2021
  265


Автор: Ілияс Жансүгіров

Мұңды құс

Бұлбұлдың сыны толады мамыр, шілде күнінде,
Қуанып сайрап қонады бірінен соң біріне.
Көлде құстар қаңқылдап, шалғынды шайқап жел соғып,
Шағала шалқып, шаңқылдап, көлден көлге құс тоғып.
Сонда бұлбұл сайраса, қан қызар, қайғың сарқылар.
Сайратып әркім ойласа, шымырлатар - шырқырар.
Өте шықты осы жай жердегі сәнді сыпырып,
Қарқылдап қарға апыр - ай, сауысқан салды шықылық.
Сынық қанат, мұңды құс жалаңаш ағаш басында,
Ажалға таяу осы түс, қарға, құзғын қасында.
Қанаты сынық болғанмен көкіректе ескі әні бар;
Қу ағашқа қонғанмен әннің де не сәні бар?
Қарашадан хабар қып айт садағы кім тыңдар?
Алмай ма соғып, сонар қып саятшылар, жылпыңдар?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу