Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  136


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Құлду-сұлду

Шәлдірбайға Мәлдірбай
Айтып отыр қалдырмай:
"Тоест "... дей қалса Шәлдірбай,
Түсінбей қалып Мәлдірбай:
— "Той істе " десең істейін,
Жалғыз капель ішпей...
Десе мылжың Мәлдірбай:
— Кәпірің не, сенің деп,
Ашу қысып дірілдеп,
Кәлдірбайға "чорт " дейді,
Шәлдірбай оған өйтпейді:
— Зменаюсь, оныңды
Қайтып ал — жапқан "тоныңды
Деп күледі Мәлдірбай,
Шашаға шаң шалдырмай.
Баяндама соғып тұр...
— Түсінбедік, толықтыр... —
Деп қояды Мәлдірбай:
Тыңдар емес Шәлдірбай:
— Тауарыштар, жолдастар!—
Деп қашан да сөз бастар,
Әдетімен бастады,
Білетін тілін тастады,
Білмейтін тілден қашпады,
Түсініп жатқан ешкім жоқ,
Үш жарым сағат қақсады...
Мәлдірбай ғана қол соғып,
Шәлдірбайды мақтады.
— От төбе, не! — деп ылғи,
Оның сөзін жақтады:
Өйткені өзі Мәлдірбай,
Қатып қалған шандырдай,
Шытырлайды, шырпиды,
Көрінгенді тарпиды...
Өмірі кітап ашпайды,
Әріден, бірақ, бастайды.
Жаттанды сөзді төбе ғып,
Үйіп-төгіп тастайды.
Оларда сұмдық жылжу бар,
Оларды сүйреп жүр жылдар...
Тілімен істі тындырған,
Бар кейбір құлду - сұлдулар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу