Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  674


Автор: Жібек Ысқақова

ҰЛЫМА АЙТАР ТІЛЕГІМ

Ұлыма айтар тілегім!

Айналайын жан балам,
Өзіңмен менде жанданам.
Елін сүйер жігіт бол,
Жамандықтан қорғаған...

Айналайын жан балам,
Күлімде ұлым, бол аман.
Елің жақтар адам бол,
Таң қалардай бар ғалам.

Айналайын жан балам,
Биікке жетсең мәз болам.
Қанаттарың талмасын,
Қыран құстай самғаған...

Айналайын жан балам,
Білімді бол, жаз балам.
Оқумен өткіз уақытты,
Білімсіз жұмыс аз балам.

Достарың болсын жанашыр,
Қолдайтын әркез қорғайтын.
Өз ортаң болсын ең асыл,
Жамандыққа бармайтын...

Теріс жолдан аулақ бол,
Аллахым берсін тура жол.
Қандай жағдай болмасын,
Жақсылармен бірге бол!

Қиындықтан мойыма,
Қарсы тұр әркез сынаққа.
Бұлт үйрілсе басыңа,
Қайғы жеме бірақта.
Күнде шығар жарқырап,
Шуағын шашып қыратқа.

Өзіңді биік санама,
Өзгеге тисін көмегің.
Менсінбей сен қарама,
Иманға толсын жүрегің.
Ұлық болсаң, кішік бол,
Адалдық болсын тірегің.
Сөздерімді ұмытпа,
Сыйластық болсын білерің!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу