Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  1423


Автор: Асаба (тамада)

ТАМАДА ТІЛЕГІ

Бір сәтке уайым мен мұң жырақ қалып,


Төрінен қуаныштың тұрақ тауып.


Жүрек шат, көңіл сергек, сезім шалқып,


Қонаққа отырасың сыр ақтарып.


Күш берер құйып қуат, бойға жаңа,


Мұндай сәт табылады тойда ғана.


Күйбеңі күйкі күннің таусылған ба,


Ұмытқын,


Бүгін оны ойлама да.


Билегін, шабытыңды шағала қыл,


Той көркі-әдемі ән, ғажап әзіл.


Қайтсем мен көңіл бабын табамын деп,


Шарқ ұрып алдарыңда тамада жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу