Өлеңдер ✍️

  28.05.2021
  146


Автор: Қадыр Мырза Әли

Айналаға ақ сәуле таратқандай

Айналаға ақ сәуле таратқандай,
Дүниеде жоқ емес,
Бар ақ маңдай.
Сұлулығын бағалап,
Сол сұлуға
Тақ қалғаны біреудің керек қандай!
Көздің жауын алуға жаратқандай
Азамат бар ал қызыл шарaп таңдай.
Жаны жайлау сол жанға
Жөнін тауып
Жақсылығын айту бір керек қандай!
Желек жайған балауса терек-талдай
Бүлдіршін бар күлімдеп таң атқандай.
Сол бүлдіршін мәз болып келген кезде
Маңдайынан сипауың керек қандай!
Түсініксіз, әрине, өзге мұңым.
Талай сырды шертеді көзде мұңым.
Жоғарыда жазылған үш шумақты
Ақын жайлы айтылған сөз деп ұғын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу