Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  341


Автор: Қадыр Мырза Әли

22 июнь және 9 май

Ер азамат ерте өлуге зәру ме?!
Оған қызық өмір сүру арумен.
Бүгін бізді қорқытуға мүмкін бе
Неше түрлі жан түршігер қарумен?!
Бейбіт кезде, төрт құбылам тегісте,
Маған, дұшпан, бола алмайсың сен үстем;
Бүгін бізді қорқытуға мүмкін бе
Қоқан-лоқы, қырғи қабақ соғыспен!
Алтын күнмен өрнектеліп нұрлы айым,
Армандаймыз баспаса деп жырды уайым.
Күткендерге жиырма екінші июньді
Тоғызыншы майларымыз тұр дайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу