Өлеңдер ✍️

  24.05.2021
  458


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сакура гүлдегенде

Ханамиде,


Сакура гүлдегенде,


Шие ағашын мадақта,


Күнде кел де,


Жүрегіңе жеткендей бейіш лебі,


Фудзи жақтан жел демі үрлегенде.


 


Әппақ гүлі ағаштың – ерекше гүл,


Күлкі сыйлар аралға бөлекше бір,


Сайгё  танка арнаған,


Басё– хайку,


«Сакураны саялап, – деп, – өтсе өмір...»


 


Фудзи тауын бөктерлеп жүрер тірлік,


Ұмытарсың мұңыңды бірер күндік.


Қырғауылдар қиырдан сәлем жолдап,


Беріледі тылсымнан бір еркіндік!!!


 


Көктем келді –


Жыл келді, гүлденді аймақ,


Жадырайды жабырқап жүрген бейбақ.


Сарқырама биіктен түседі ыршып,


Ақ күлтемен қауышар күндерді ойлап...


 


Күншығыста – сакура гүл жарғанда,


Қол жеткендей болады күллі арманға.


Сакэ ішеді самурай шөлін басып,


Асқақ қарап,


Өткінші бұл жалғанға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу