Өлеңдер ✍️

  24.05.2021
  153


Автор: Азия Мағыпер

Жыламаймын 

Құлшынбасам келгенінше шамамның, 


несібесін сйлар дейсің маған кім. 


бір жігіттен көрген тауқыметімді, 


бір жігітке шағынудан аманмын. 


 


Мен құлымын қиял менен елестің, 


тұлғалы тау, тұнық сулар кеңесшім. 


өмірдегі өзім сүйген жанға да, 


сағындым деп жылап көрген емеспін. 


 


Бұл қайратты оңай-оспақ таппадым, 


тіршіліктің көрдім ызғар-аптабын. 


мұгедек қып жіберетін жігерді, 


мұсыркеуін жек көремін басқаның. 


 


Көз жасыңды төксең дағы сібер қып, 


оңалмайды қырсық пенен жұдеулік. 


жылау деген әйелдегі нәзіктік, 


ал, жыламау әйелдегі бір ерлік. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу