Өлеңдер ✍️

  23.05.2021
  132


Автор: Аймақ Әбілда

Ғашық

Көріп ғашық болғандай замандасы,
Арқасына төгіліп қолаң шашы,
Көз алдымда кір жайып келіншек жүр
Айнымаған Винчидің Мадоннасы.

Отын үрлеп жүректің жалындаған,
Тәтті сезім сыйлады ару маған.
Жел еркелеп халатын жұлқылайды
Ең төменгі түймесі салынбаған.

Ала бұлттан күн әуре арыла алмай,
Кірін жайып ол әуре бабы болмай,
Келіншектің жел әуре етегімен
Жүрегіме мен әуре бағына алмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу