18.05.2021
  525


Автор: Кәмел Жүністегі

Аспан әлемі туралы «ҮТ» ПАРСЫНЫҢ ЕМЕС, ҚАЗАҚТЫҢ «ҮТІ»

Менің бұрнағы жылдары жарық көрген аспан әлемі, ай атаулары туралы мақалаларыма не бір ғалым, не бір жазушының нет оң, не теріс деп пікір айтпағанына қатты налушы едім. Қазақ елінің аспаны ең болмаса бір азаматқа керек болмағаны ма, әлде қазақы түсінікті «жерлеп болдық» па деген ой қатты мазалайтын. Алғаш тіл қатқан Қажығали Мұхамметқалиұлы болды.


Бар екен азамат. Бар екенсің, бауырым. Бар болғанына қуанамын.


Аспан әлемі балалық шақтан қызықтыратын еді. Ал, мұнымен   ерекше   шұғылдануым   1962   жылы   басталды.


«ЕСЕП» партиясын құрды деген айыппен, сотталып кете бердім. Саяси лагерде 33 жыл отырған Ақмолалық Құнанбай Бейсенұлымен бірге болуға тағдыр жазды. Жасы жетпістен асқан сол ақсақал түнде тысқа шығуға қанша тиым салса да, кесілген ағаш арасынан жасырынып, талай түндерде аспан шырағының өзі білетінін көкейге құйып бақты. Елге келген соң мұндағы ақсақалдардан да мүмкіндігінше жинастырдым. Қазақ-жады мықты халық. Кешегі өткен ақсақалдардың аңыз-жырларды, мың жылдық тарихты магнитафонға жа- зып алғандай жатқа айтатынының куәсіміз. Ұлтымыздың ғарыш туралы түсінігі де тап осындай жүйемен ауыздан ауызға беріліп келген. Ал, жұлдызшы атаулының күні не


болғанына 30 жылдар куә.


Қазақтың ай атаулары туралы, ондағы қателіктер жө-нінде сонау 80 жылдары жазғанымда «Қазақ әдебиеті» газеті, «ой- бай ғылым академиясындағылар пәле қылады» деп баспай қойды (Дидахмет Әшімханұлы куә).


Ай атауларымызда қателік жетерлік. Менің «мемтер- комда» шаруам жоқ. Қателікті елді білмейтіндер, қазақ ұғымын кітаптан ғана іздейтіндер жасайды. Өйткені, олар ұлттан алыс.  Сәуірді  көкек  дегеніміз дұрыс  шығар  деген


 


пікір айтқан екен. Көкек деген атауды мен де білдім. Бірақ... Бірақ Алтайдан Еділге дейін созылып жатқан ұлы даланың оңтүстік өңірінен басқа жерде бұл айда көкек шақырмайды. Жоқ көкекке айдың атын бергеніміз жөн бола қояр ма екен. Бұл айды қыр қазағы «Отамалы» деп те атайды. Сәуірдің 5-6 күндері қыс қайырмасы – бұрқасын, суық өтеді. Осы амал- ды халық отамалы, яғни оттың (шығатын көктің) амалы деп атаған.


Екінші бір дау туғызып жүрген ай атауы европаша июнь айы. Мұны «мемтерком» маусым деп бекітіпті. Дұрысы шілде. Қазақта «40 күн шілде» деген ұғым бар, яғни 40 күн ыстық аптап Шілде үркердің жерге түсуімен тікелей байланысты, Үркер Құралайдың салқыны өтсімен мамыр айының 29- 30 күндері жерге түсіп, бір жарым ай бойы аспан әлемінде көрінбей кетеді, мұны білмей Шілдені онан әрі өткізіп жіберіп, келесі айға таға салу ұлттық ұғымымызға жат болдырған аттың ертоқымын жаурыннан сауырына сырғытып ерттеген тәрізді көрініс.


Шілде айының соңында (июннің) Ұлы даланың көк майса көрініс реңі де өзгере бастайды. Шөп сарғыш тартқан көрініс берді, сол себептен европаның ұғымындағы июль біздіңше халық арасында Сарша атанады.


«Мемтеркомның»да, газеттердің де тісі батпай жүрген ай атауы «Үт». Парсы не дейді, онда жұмысымыз жоқ. Тіптен парсы осы атауды түркі жұртынан алды-ау деген ой келеді. Үт кірді – құт кірдің дейді қазақ. Сондағы үті не? Осы айда жабықтан, түңліктен, терезеден түсетін күн сәулесінде аппақ тозаң тәрізді ұшқын жүреді. Сол сәуледегі ұшқынды халық үт дейді. Бұл тек осы айда ғана болатын құбылыс. Осы айда аспан әлемінде көрініс беретін Балықтар атты шоқ жұлдыз да тап осындай тізбек, ендеше біз айтып отырған «Үт» жат жұрттық емес, тап қазақтың Үті. (Ақты – сүт десе, ақ тозаңды – «Үт» деген).


Қазан айын ел Ақыраб деп те атайды. Ақыраб атауының араб-парсыдан келгені де белгілі.Бүкіл шығыс еліне игі әсер еткен мұсылман мәдениеті өмір сүру тәсілі жуықтас қазақ


 


елінің әдет-ғұрып, дүние танымымен араласып, сіңісіп кет- кен. Міне, содан да болар, кешегі үлкендер Ақыраб атауынан қашпаған, тіпті Қазан айын осылай атап та кеткен. Осы айға байланысты қыстың алты айындағы ауа райының қандай бо- ларын болжаған. «Ақыраптың алты күні» деген де бар. Бұл болжамның қалай жасалатыны туралы кезінде жазғанмын.


Қажығали «Қателік кеш те болса түзетілуі тиіс» деген екен. Ұрпағымыз қазақ болсын десек бізде онан басқа амал жоқ. Қазақы ұғымнан айырды, айырылып қалуға тырысқан тағы өзіміз. Енді мұны түзер де «өзіміз» болсақ едік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу